Кахабер Цхададзе: Соңына дейін күресетін боламыз
<span>«Ордабасы» - «Астана» арасындағы кездесу аяқталғаннан кейін шымкенттік команда бас бапкері Кахабер Цхададзе ойын туралы пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz, клубтың ресми сайтына сілтеме жасап. </span>
<span>- Өте жақсы ойын өрбіді. Қақпамызға жоқ жерден гол жіберіп алдық. Алайда, ойын барысында менің командам «Астанадан» толықтай басым болды. Кездесу соңында қарсылас команда алыс пас арқылы ойнауға тырысты. Ал біз өз кезегімізде қарымта шабуылға иек артып, бірнеше қауіпті сәттерді голға айналдыра алмадық. Бүгін футболшылар өте жақсы ойын көрсетті. Сол үшін де оларға алғыс айтамын. Менің ойымша біз жеңіске лайықты болдық. Бірақ футболда жеңіске жету үшін, қарсыластан көп гол соғуың қажет. Ал біз бұл кездесуде олай жасай алмадық. Біз соңына дейін күресетін боламыз. Қазір көшбасшылар өзара ойнайды. Сондықтан, әр ойын біз үшін финалға тең. </span>