«Қайсар» Қазақстан кубогын екінші рет жеңіп алды

«Қайсар» Қазақстан кубогын екінші рет жеңіп алды

29-шы рет өткізілген Қазақстан кубогының финалында қызылордалық «Қайсар» «Атыраумен» кездесті, деп жазады Prosports.kz.

Нұр-Сұлтан қаласындағы «Астана Арена» стадионында өткен матчта «қасқырлар» мұнайлы өлкенің командасын жеңіп, өз тарихында екінші рет кубок иегері атанды. 

Қос команда да ойынды сылбыр бастады. Бірінші таймда теңбіл допты қақпақылдап жүріп алған ұжымдар екінші таймды белсенді бастды. 67-минутта Петр Гржельчак доп соғып, «Атырауды» алға шығарды. Ал үш минуттан кейін «Қайсар» капитаны Асхат Тағыберген тәртіпсіздігі кесірінен алаңнан қуылды. Атыраулықтар 89-минутта жеңістен айырылып қалды. Номиналды қожайындар сапынан Зенькович Нәрзілдаевтан пас алып, мергендік танытты.

Ал экстра-таймда Нгвем де алаңнан қуылып кетті. Таразы басы теңескеннен кейін матч пенальтиге ұласар деп күткенімізді жасырмаймыз. Экстра-таймның негізгі уақыты аяқталып, екі минут қосылғанда нәтижелі паспен көзге түскен Думан Нәрзілдаев «алтын голдың» авторы атанды. Қазір «алтын гол» соқсаң жеңіске жетпейсің. Біздің айтып отырғанымыз, пенальтиге жеткізбей жеңіс сыйлаған гол еді.

«Қайсар» - «Атырау» - 2:1

Голдар: 67 Гржельчак, 89, Зенькович, 120+2 Нәрзілдаев

Ескерту алғандар: 5 Джон, 53 Әбдірахманов, 70 Шабаев, 80 Марочкин, 107 Дзуматов, 115 Антипов

Допқа иелік ету: 44% - 56%

Тура соққылар: 9-3

6 қазан. Нұр-Сұлтан. «Астана Арена».

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или