Бірінші лига: 23-ші турдан кейін көшбасшы ауысты
Бірінші лиганың 23-ші тур ойындары өтті, деп жазады Prosports.kz.
Маусымның аяқталуына бар болғаны үш тур ғана қалды. Бүгін сырт алаңда басты бәсекелесі «Каспийді» жеңген «Қызыл-Жар» көшбасына шықты. Ақтаулықтар екінші сатыға сырғыды.
Ал үшінші орында тұрған «Алтай» маусымды керемет бастаған еді. Алғашқы 11 тур бойы жеңілмеген өскемендік клуб соңғы турларда жиі ұпай жоғалтып, үшінші сатыға дейін сырғыған. Бірақ бүгін маңызды үш ұпайды алды. Сонда да төртінші орындағы «Ақжайқтан» екі ұпай ғана алда тұр.
Бірінші лига. 23 тур.
«Каспий» – «Қызыл-Жар СК» 0:2 (0:2)
Гол соққандар:<span> </span>Гунченко 10, Драченко 22
«Алтай» - «Ақтөбе-Жас» - 2:1
Гол соққандар: Константин Заречный 30, Вячеслав Сердюков 41 - Алишер Назаров 45+5 (пенальти)
«Байқоңыр» - «Астана Ж» - 1:0
Гол: Айбол Жахаев 81
«Академия Оңтүстік» - «Ақжайық» - 1:2
Гол соққандар: Манекеев Арген 18 (1:0), Павинич Роман 76 (1:1), Павинич Роман 88 (1:2)
«Шахтер Болат» - «Екібастұз» - 0:1
Гол:<span> </span>Батыр Құдайбердинов 66
«Мақтаарал» - «Қыран» - 3:0
Гол соққандар: Бекнұр Рысқұл 25, 86, Евгений Левин 28
«Жетісу Б» - «Қайрат-Жастар» - 2:0
<span>Гол соққандар: Джалилов Рауль с пенальти 43 (1:0), Әуелбай Еділ 57 (2:0)</span>