Қуаныш Қалмұратов: Биыл кубокты көкке көтереміз деп үміттенемін
23 жастағы «Атырау» командасының қорғаушысы Қуаныш Қалмұратов Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының баспасөз қызметіне берген сұхбатында 2019 жылғы Қазақстан Кубогының финалында «Қайсармен» өтетін ойын туралы айтып берді, деп хабарлайды Prosports.kz.
-<span> </span>«Атырау» тағы да Қазақстан Кубогының финалы шықты. Жылдан жылға финалда жеңіске жетуге деген ынта-жігер арта түсе ме?
-<span> </span>Әрқашан шектен тыс мотивация болады. Әсіресе, финалда екі еселенеді. Жанкүйерлер үшін кубокты жеңіп алғымыз келеді. Олар үшінші жыл кубокты күтіп жүр.
- Биылғы маусымда жаттығу процесінде өзгеріс бар ма?
- Иә, жаттығу процесі өзгерді. Ойын жүйесі мен стандартты орындауда байқалады.
- Өткен екі жылмен салыстырғанда биыл финалға шығу қиын болды ма? Кубоктың қай ойыны есте қалды?
- Финал шыққан әр жолдың өз ерекшелігі бар. Биыл да оңай болған жоқ. Екі рет финалда есе жіберген едік. Биыл кубокты көкке көтереміз деп үміттенемін. Үшінші финал есте қалады деп ойлаймын!
-<span> </span>Команданың қазіргі жағдайы қалай? Кубок ұтып алуға нақты мақсат бар ма?
- Біздің команданың жағдайы өте жақсы. Бір-бірімізді үнемі қолдап жүреміз. Әр ойын – біз үшін финал!
- «Қайсармен»<span> </span>ойыннан не күтесіз?
- Финалға толық дайындықпен келеміз. Жеңіс үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или