Чемпиондар лигасы - 2019/20. Бүгін қазақстандық телеарналар үш матчты көрсетеді
Бүгін УЕФА Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің 2-ші тур ойындары өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
F тобында «Барселона» өз алаңында «Интерді» қабылдайды. Испаниядағы матчты тікелей эфирде «Qazsport» телеарнасы көрсетеді. Көрсетілім елорда уақыты бойынша 01:00-де басталады.
Осы топтағы «Славия» мен «Боруссия Д» командалары арасындағы ойын сағат 23:00-де басталады. Чехия астанасы Прагада өтетін кездесуді де «Qazsport» тікелей эфирде жанкүйерлерге ұсынады.
Чемпиондар лигасының өткен маусымдағы жеңімпазы <span>«Ливерпуль» мен австриялық «Ред Булл Зальцбург» ұжымдары арасындағы матчты «Qazaqstan» телеранасы көрсетуді өз мойнына алды. Ойын Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша 01:00-де басталады. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или