«Сербия сойқандары». «Партизан» жайлы не білеміз?

«Сербия сойқандары». «Партизан» жайлы не білеміз?

Қазақстандық «Астана» футбол клубы Еуропа лигасындағы жолын 3 қазан күні жалғастырады. Ел чемпиондары өз алаңында сербиялық «Партизанды» қабылдайды. «Манчестер Юнайтедтен» кейін бұл команда жанкүйерлер үшін қәуіпті көрінбес. Әйткенмен, балқан түбегінің халықтарына тән «Партизанда» қайсар мінез бар. Prosports.kz тілшісі «Астананың» еурокубоктағы келесі қарсыласын қысқаша таныстырады. 

«Партизан» cерб футболындағы алпауыт клубтардың бірі. Тамыр тереңге тартады. Клубтың негізін 1945 жылы Югаславия ұлттық әскери бөлімі қалаған. Содан бері клуб басты бәсекелесі «Црвена Звездамен» бірге алдынғы қатарда келеді. Қос клуб арасындағы матчтар төбелессіз аяқталмайды. Көбіне тентек жанкүйерлер «көзге түседі». Қан-жоса болып жүрген жанкүйерлерді әр ойыннан кейін көруге болады. «Мәңгілік дерби», «Қанды дерби» деген атаулар бекер шыққан емес. «Партизан» жанкүйерлері ең қызу қанды болғандықтан Сербияда бұл клубты «Сербия сойқандары» деп те атап кеткен.  

Сербтар 2006 жылға дейін алдымен, Югаславия құрамында, сосын Сербия және Черногория мемлекетінің құрамында болды. Сербия өзі тәуелсіз бөлініп шыққаннан кейін ішкі біріншілік 13 мәрте өтті. Соның 8-інде «Партизан» чемпион атанды. Алайда, соңғы екі жылда Сербияда «Црвена Звезда» үстемдік құрып келеді. 

«Партизан» үшін өткен маусым өте ауыр тиді. «Ақ-қаралар» Сербия чемпионаты тарихында тұңғыш рет алдынғы екі орынның біріне иелік ете алмады. Екі алыпқа қарсы маусым бойы батыл шайқасқан «Раднички» «Партизанды» үшінші орынға сырғытты. 

Жазда команда түбегейі жаңарды. Үздік сұрмерген Рикардо Гомиш Сауд Арабияға кетті. Кабо-Верделік шабуылшы клуб қазынасын 3 миилон еуроға байытты. Жас Светозар Марковичті 1,5 миллионға «Олимпиакос» сатып алды. Жаңа маусым басталысымен неміс клубы «Дармштадт» Огнен Ожегович үшін 400 мың еуро ұсынды. Сондай ақ, тағы 15 футболшы клубтан кетті. 

Трансфер кезінде «Партизан» көбіне тәжірбиелі футболшылармен толықты. Бірнеше жыл мәскеулік ЦСКА қатарында доп тепкен Бибрас Натхоны қатарға қосты. Ресми түрде «Ливерпуль» футболшысы болса да, негізгі құрамнан орын ала алмай, өзге клубтарда жалда ойнаған, бір кездері Сербия футболының болашақ жарқын жұлдызына баланған Лазар Маркович те команданың жейдесін киді. «Арсеналдан» 1 миллион еуроға жапониялық футболшы Такума Асаноны сатып алды. «Рома» 22 жастағы нигериялық шабуылшысы Умар Садикті бір жылға жалға беруге келісті. 

Команданың бас бапкері - Саво Милошевич. Бұл маманды жанкүйерлер жақсы таниды. Бапкер ретінде жетістікке жеткен жоқ. Бірақ, футболшы мансабында «Астон Вилла», «Парма», «Сельта», «Эспаньол», «Осасуна» секілді командаларда сұрмерген атанды. «Астон Вилла» АПЛ-да 90-шы жылдырдың екінші жартысында дүркіреп тұрған шағында дәл осы Саво бірнеше маусым негізгі шабуылшысы болып жүрді. 

46 жастағы Милошевич қарсыласқа өте қатты мән беретін бапкер. 4 корғаушымен ойнайды. Орталық алаңдағы ойын Бибрас Натхоның төңіргенде өрбиді. Дәл осы израилдық жартылай қорғаушы топтық кезеңдегі алғашқы турда нидерландық АЗ-дың қақпасына қос доп соғып, командасына бір ұпай алып берген еді. Бір пасымен қарсыластың бүкіл қорғанысын қапыда қалдыру Натхо үшін түк емес. Шабуылда Умар Садиктен қәуіптену керек. «Ромаға» тиесілі футболшы ішкі чемпионатта 9 ойын өткізіп, 5 гол соғып үлгерді. 


Чемпионат демекші, қатарына тәжірбиелі ойыншыларды қосқан «Партизан» осы маусымда чемпион атануға бек бекінген секлді. Команданың қарқыны қатты. 9 матчта 7 мәрте жеңіске жетті, 2 рет тең түсті. 22 гол соғып, өз қақпаларыңа 4 гол ғана өткізді. Қорғанысы тас-қамал.
«Партизанның» Нұр-Сұлтанға келген құрамы:

Қақпашылар: Владимир Стойкович (1983), Неманья Стеванович (1992), Филип Кляйич (1990);

Қорғаушылар: Неманья Милетич (1991), Боян Остойич (1984), Страхинья Павлович (2001), Слободан Урошевич (1994), Райко Брежанчич (1989), Игор Вуячич (1994, Черногория);

Жартылай қорғаушылар: Александар Шчекич (1991, Черногория), Саша Зделар (1995), Бибрас Натхо (1988, Израиль), Сейдуба Сума (1991, Гвинея), Зоран Тошич (1987), Лазар Павлович (1991), Александар Лутовац (1997);

Шабуылшылар: Такума Асано (1994, Жапония), Умар Садик (1997, Нигерия), Лазар Маркович (1994), Джордже Иванович (1995), Петар Гигич (1997).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или