Нұрмат Мырзабаев: Тең есеп екі команданы да қанағаттандырмайды
"Тараз" ФК бас бапкері орынбасарының м.а. Нұрмат Мырзабаевтың "Ақтөбе" - "Тараз" (2:2) матчы жайлы өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz, ақтөбелік клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.
- Ойын жанкүйерлерге ұнады деген ойдамын. Екі рет есепте алда тұрып, жеңісті қолдан беріп қойдық. Бірақ жеңіліп те қалуымыз мүмкін еді. Бұл футбол... Біз өте сақ ойнадық. Жеңістен айырылып қаламыз деп жүрексінгендіктен болар. Сол себепті де матч соңында біздің ойыншылар қателіктер жіберіп жатты. Босаңсып кеттік. Қарсылас өз жанкүйерлерінің дем беруімен алғы шепте ойнаумен болды. Жанкүйерлер олар үшін 12-ші ойыншы. Қос команда да барын салып ойнады. Тең есеп екі команданы да қанағаттандырмайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или