Роман Григорчук: Команда жақсы ойын көрсетті

Роман Григорчук: Команда жақсы ойын көрсетті

«Астана» - «Қайсар» арасындағы кездесу аяқталғаннан кейін, елорда командасының бас бапкері Роман Григорчуктың қатысуымен баспасөз жиыны өтті, деп хабарлайды Prosports.kz елордалық клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

- Команда жақсы ойын көрсетті. Келесі ойынға дайындалатын боламыз.

- Сергей Хижниченко маусым бойы қосалқы құрамда отырғанымен, бүгін өте жақсы ойын көрсетті. Дәл қазір ол Рангело Янгадан мықты дей аласыз ба?

- Мен өз футболшыларымды салыстырғым келмейді. Бар айтарым, Хижниченко соңғы екі кездесуде жақсы ойын көрсетіп келеді. Оның ойынына көңілім толады. Ол осы деңгейдегі ойынын жалғастырады деп үміттемін.

- Бүгін негізгі құрамының бірнеше ойыншысы алаңға шыққан жоқ. Олар «Партизанға» қарсы кездесуге дайын ба, әлде жарақаттары бар ма?

- Жарақат алғандары бар. Олардың ішінен Логвиненко «Партизанға» қарсы кездесуде командаға көмектесе алмайды, ал қалғандары дайын. Ойын күні кімдердің алаңға шығатынын шешетін боламыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или