Бельгия құрамасының капитаны Қазақстанға қарсы ойнамайды
Бельгия құрамасының капитаны Венсан Компани жарақатына байланысты Еуро-2020 іріктеу кезеңі аясында өтетін Қазақстанға қарсы матчқа қатыса алмайды, деп жазады Prosports.kz.
«Андерлехт» қорғаушысы Бельгия Кубогының 1/32 финалында «Беерсхотпен» ойында (3:2) жарақат алып қалды. Ол енді Қазақстан және Сан-Марино құрамаларына қарсы ойындарға қатыса алмайды.
Айта кетейік, Компани жарақат алған ойында «Беерсхот» сапында Қазақстан құрамасының ойыншысы Ян Вороговский өнер көрсетті.
Қазақстан - Бельгия матчы 13 қарашада елорда уақытымен 19:00-де басталады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или