ҚФФ Бас хатшысы: Дәуреннен кез келген көмегімізді аямаймыз

ҚФФ Бас хатшысы: Дәуреннен кез келген көмегімізді аямаймыз

Жақында «Атырау» футбол клубының ойыншысы Дәурен Мәжитов Жол-көлік оқиғасына тап болған еді. Қазақстан футбол федерациясы болған істі толық бақылауында ұстап отыр, деп жазады Prosports.kz.

Дәуреннің халін сұрауға Қазақстан ұлттық құрамасы бас бапкерінің көмекшісі Талғат Байсуфинов барған. Бұл туралы ҚФФ Бас хатшысы Азамат Айтхожин Instagram желісіндегі жеке парақшасында жария етті. 

«Бұған дейін Қазақстан ұлттық құрамасы бас жаттықтырушысының көмекшісі Талғат Байсуфиновтың Атырауға барып, жол-көлік оқиғасына түскен футболшы Дәурен Мажитовтың көңілін сұрап кіріп шыққанын жазған едім.

«Атырау» ФК тәрбиеленушісінің денсаулығы түзеліп қалды, қазір сөйлеуге тырысады. Мажитов оптимизмін жоғалтпайды және жақын арада толық аяққа тұра алатынына сенеді. Бұл туралы Дәуреннің ағасы да айтты. Талғат Мәруанұлы онымен Атырауда кездесіп, Қазақстан футбол федерациясының атынан қолдау білдірді.

Қазақстан ұлттық құрамасының дәрігері травматология бөлімінің меңгерушісімен тығыз байланыста екенін де айта кеткім келеді. Мәжитовке оң жамбасы сынғаннан кейін операция жасалып, пластина салынған. Ұзақ емдеуді қажет ететін басқа да зақымдары бар. Қажет болған жағдайда Дәурен одан әрі оңалту үшін Нұр-Сұлтан қаласына ауыстырылады. Бірқатар БАҚ-та жазғандай, омыртқасы сынған жоқ. Қазіргі уақытта оның өміріне ешқандай қауіп жоқ. Мәжитовтың жағдайын дәрігерлер тұрақты деп бағалайды.

Біз Дәуренге уайымдап, оған тез арада сауығуды тілейміз! Жақын арада біздің Дәукеміз үлкен футболға қайта оралып, ұлттық құраманың бір бөлігіне айналатынына сенеміз!», деп жазды Айтқожин.

«Атырау» футболшылары командаластарына қолдау білдірді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или