Неймар Барселонаға келді

Неймар Барселонаға келді

"Барселона" жейдесін кию үшін емес, соттасу үшін.

"ПСЖ" клубының футболшысы Неймар Барселона қаласына келді. Бразилиялық спортшы жергілікті клубпен соттасып, 18 миллион еуро қаржыны алуды көздейді. 

2016 жылы клуб пен Неймар жаңа келісім-шартқа қол қойған кезде "Барселона" сыйақы ретінде футболшыға 40 миллион еуро беруі керек болған. Алайда, каталондықтар Неймарға 22 миллион еуро ұстатқан. Қалған қаржыны футболшы өндіріп алғысы келеді. 

Испаниялықтардың да айтатын уәжі бар. Олар: қаржы Неймар келісім-шарттың аяғына, яғни 2022 жылға дейін клуб намысын қорғаған да ғана төденуі тиіс еді дейді. Ал футболшы 2017 жылдың жазында париждік "ПСЖ" клубына ауысып кеткен болатын.

"Барселона" болса 22 миллион еуроны клуб қазынасына қайтаруды Неймардан талап етіп отыр. 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или