ВИДЕО. Нидерландыда төреші сынған аяғымен матч соңына дейін қызмет етті

ВИДЕО. Нидерландыда төреші сынған аяғымен матч соңына дейін қызмет етті

«Квик Бойс» және «Катвейк» командалары арасындағы Нидерланд кубогының 1/64 финалындағы матчта төреші Роб Диеперинк ауыр жарақат алды.

Ойынның негізгі уақытының аяқталуына аз қалғанда аяғын сәтсіз басып жарақат алып қалады. Ол ойынды тоқтатып, медициналық қызметкерлерден көмек сұрады. Аяқтың зақымдалған аймағына мұз басқаннан кейін, Диперинк жұмысын жалғастыра алды.

Fox Sports мәліметіне сенсек, медициналық тексерістен кейін 31 жастағы төрешіге аяқтың сынуы диагнозы қойылған. Дегенмен, жарақат алғаннан кейін, төреші матчта негізгі уақытта және қосымша 30 минуттықта қызмет еткен.

«Квик Бойс» және «Катвейк» арасындағы кездесу 2: 3 есебімен аяқталды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или