Дидар Жалмұқан: Талдықорғандағы жеңілістен кейін, бізге енді сүрінуге болмайтынын жақсы түсіндік

Дидар Жалмұқан: Талдықорғандағы жеңілістен кейін, бізге енді сүрінуге болмайтынын жақсы түсіндік

Соңғы матчында «Астана» Премьер-Лига аясында сырт алаңда «Атырау» командасын 4:1 есебімен жеңді.

<span style="font-style: inherit; font-weight: inherit;">Осы ойын соңында елорда командасының жартылай қорғаушысы Дидар Жалмұқан кездесу туралы пікірімен бөлісіп, жақында жол апатына түсіп ауыр жарақат алған экс-әріптесі Дәурен Мәжитовке денсаулық тіледі:</span>

<span style="font-style: inherit; font-weight: inherit;">- </span><span style="font-style: inherit; font-weight: inherit;">Бірінші кезекте командалас әріптестерімнің атынан «Атырау» футбол клубының ойыншысы Дәурен Мәжитовке зор денсаулық тілегім келеді. Біз алаңда қарсылас болғанымызбен, өмірде жақсы достармыз. Оған қоса Дәурен екеуіміз Қазақстан Жастар құрамасында және «Атырау» сапында бірге ойнадық. Ол өте мықты спортшы. Мен оның осы қиындықты жеңіп, алаңға тезірек оралуын тілеймін, әрі тілекшімін. <span> </span>Ал ойынға келер болсақ, Талдықорғандағы жеңілістен кейін, бізге енді сүрінуге болмайтынын жақсы түсіндік. Сондықтан, барлық жігіттер алаңға тек бір мақсатпен – жеңіс үшін шықты. Нәтижесінде жеңіске жетіп, алтын жүлдеге таласты әрмен қарай жалғастыратын боламыз.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или