Ақтоты Райымқұлова қоғамдық қабылдау өткізді
ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова "Нұр Отан" партиясының ғимаратында қоғамдық қабылдау өткізді. Министрмен кездесуге еліміздің әр өңірінен он екі адам келді.
Қабылдауда болған ел азаматтары өздерін толғандырған сауалдарын қойып, көтерген мәселелеріне қатысты жан-жақты жауап алды.
Қоғамдық қабылдауға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Күміс Сейітова, Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ғалымжан Мелдешов, Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиевтер де қатысып, өтінішпен келген азаматтардың кейбірінің мәселелерін қолма-қол шешіп берді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или