Акмаль Бахтияров жаңа маусымда алғаш рет алаңға шықты
Ресей кубогының 1/16 аясында «<span>Шинника</span>» өз алаңында «Сочи» командасын қабылдады, деп жазады Prosports.kz.
Ярославль қаласында өткен ойынның негізгі уақытында да, овертаймда да есеп ашылған жоқ. Ал ойын соңындағы пенальти сериясында 5:4 есебімен алаң иелері жеңіске жетті.
«Сочи» сапындағы қазақстандық ойыншы <span>Акмаль Бахтияров</span> 2019/20 маусымда алғаш рет алаңға шықты. Ол ойынды негізгі құрамда бастап, 66-шы минутта орнын әріптесіне босатты.
Айта кетейік, Бахтияров Ресей Премьер лигасында әлі бірде-бір ойында өнер көрсеткен жоқ.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или