«БИІК-Қазығұрт» Чемпиондар лигасының 1/8 финалына шықты

«БИІК-Қазығұрт» Чемпиондар лигасының 1/8 финалына шықты

Қыздар арасындағы УЕФА Чемпиондар лигасы 1/16 финалының қарымта ойынында «БИІК-Қазығұрт» Бельгияның «Андерлехт» командасынан 2:0 есебімен басым түсті, деп жазады Prosports.kz.

Алғашқы ойын Бельгия жерінде өтіп, ойын 1:1 есебімен аяқталған еді. Ал Шымкентте өткен ойын алаң қожайындарының сенімді жеңісімен аяқталды. 

Кездесудің 27-минутында «БИІК-Қазығұрт» қорғаушысы Кеннеди Роуз ашты. Ойын соңына қарай Алина Литвиненко пенальтиден гол соғып, есепті еселеді - 2:0. 

Қос кездесудің қорытындысы бойынша шымкенттік команда Чемпиондар лигасының 1/8 финалына шықты. 

«БИІК-Қазығұрт» - «Андерлехт» - 2:0 (1:0)

Голдар: Роуз 27, Литвиненко 85 - пенальти

Ескертулер: Литвиненко 72 - Кольсон 39

«БИІК-Қазығұрт»: Железняк, Чебел, Бабшук (Зулу 90+5), Габелия (Реубен 87), Құлмағамбетова, Литвиненко (Холден 90+4), Маккарти, Кундананджи, Роуз, Илич, Денесик;

«Андерлехт»: Одер, Кольсон (Абдюлай-Толоба 78), Ванхамел, Меркирс, де Кеньи, ван Горп, Вэтафу, Вейнантс (Дики 86), Делоосе, Соланж Карвальяш (Корин 46), Тиссо;

25.09.2019. «Намыс», Шымкент. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или