«Атырау» мен «Астана» футболшылары көлік апатына түскен Дәурен Мәжітовке қолдау көрсетті
Қазақстан чемпионатының 23-турының кейінге шегерілген матчында «Атырау» мен «Астана» футболшылары көлік апатына түскен Дәурен Мәжітовке қолдау көрсетті.

Қос команданың ойыншылары алаңға «Дәурен, біз сеніменбіз!» деген жазуы мен Дәурен Мәжітовтің суреті бар жейдені киіп шықты.

Айта кетейік, «Атырау» клубының қорғаушысы Дәурен Мәжітов 23 қыркүйек күні жол апатына түсті. Футболшының бірнеше жері сынған, омыртқа жотасынан жарақат алған.

Мәжітов ағымдағы маусымда «мұнайшылар» сапында 18 матч өткізіп, бір гол соқты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или