«Манчестер Юнайтедте» бапкер ауысуы мүмкін

«Манчестер Юнайтедте» бапкер ауысуы мүмкін

Ағылшындық клубтың басшылығы команданың соңғы нәтижелеріне риза емес.

Бас бапкер Уле Гуннар Сульшер жақын арада қызметінен кетуі мүмкін. Басшылық қазіргі таңда жұмыссыз жүрген Максимиалано Аллегриге ұсыныс дайындап жатыр.

Аллегри жазда "Ювентус" клубынан кеткен болатын.

"Манчестер Юнайтед" елордалық "Астананың" Еуропа лигасы топтық кезеңдегі қарсыласы.

Қос команда бірінші турда кездесіп, матч 1:0 есебімен ағылшындық команданың пайдасына аяқталған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или