Роналдуға Мессиден жеңілу ауыр тиген секілді. Философиялық пост жазды

Роналдуға Мессиден жеңілу ауыр тиген секілді. Философиялық пост жазды

Италиялық «Ювентус» пен Португалия ұлттық құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду ФИФА өз нұсқасы бойынша осы маусымдағы әлемнің үздік футболшысының есімін атағаннан кейін инстаграм парақшасында философиялық пост жазды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ең үздік ойыншы атағын Лионель Месси жеңіп алды.

«Шыдамдылық пен қайсарлық - кәсіпқойды әуесқойдан ерекшелейтін екі сипаттама. Барлығы кішкентай дүниеден басталады. Сіз бәрін жасай алмауыңыз мүмкін, бірақ сіз өз арманыңыздың орындалуы үшін барлығын жасай аласыз. Есіңізде болсын, қараңғы түн артынан арайлап таң атады», - деп жазды 34 жастағы Роналду.

Осы жылы Роналду «Ювентуспен» бірге Италия чемпионаты мен Суперкубогын еншіледі. Португалия ұлттық құрамасы қатарында Ұлттар лигасында топ жарды. 

Өткен маусымда ФИФА тарапынан үздік футболшы деп Лука Модрич танылған еді. 

Айта кетейік, Лионель Месси және Криштиану Роналдумен қатар, ФИФА тарапынан үздік футболшы атануға Вирджил ван Дейк те таласқан болатын. 

 

<h1 class="title">Роналдо: Ван Дейк үздік ойыншы атағын алуға лайық</h1>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или