Қазақстан командасы волейболдан Олимпиадаға іріктеу турниріне қатысады
Халықаралық волейбол федерациясы Пәкістан құрамасының құрлықтық Олимпиадаға іріктеу турниріне қатысуына шектеу қойды. 2020 жылы Қытайда өтетін турнирге аталған құраманың неліктен қатыспайтыны түсіндірілмеген.
<span>Олимпиада жолдамасына құрлықтағы сегіз команда таласады. Олардың қатарына құрлық додасында 9-шы орын алған Катар, Олимпиаданы қабылдаушы ел ретінде Жапония автоматты түрде енген. </span>
<span>Сондай-ақ, Қазақстан волейбол федерациясы құрлықтық Олимпиадаға іріктеу турниріне қатысу үшін FIVB мен волейбол Конфедерациясынан шақырту алды. </span>
<span>Олимпидаға іріктеу турниріне Иран, Австралия, Оңтүстік Корея, Қытайлық Тайпей, Қытай, Үндістан, Катар және Қазақстан қатысады. </span>
<span>Қазақстан волейбол федерацясы олимпиадаға іріктеу турниріне қатысатынын растады.</span>