FIFA жүлделерін табыстау салтанатты шарасы өтеді

FIFA жүлделерін табыстау салтанатты шарасы өтеді

Дүйсенбіден сейсенбіге қараған түні, Миланның «Ла Скала» опера театрында The Best FIFA Football Awards 2019 – ең үздік ойыншыларға арналған FIFA жүлделерін табыстау салтанатты шарасы өтеді.

Миландағы айтулы шара Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 00.30-да басталады.  

Үздік футболшылар 8 номинация бойынша марапатталады: үздік ойыншы, қақпашы, жаттықтырушы (әйелдер мен ерлер үш номинациямен), FIFA Puskás Award үздік голға арналған жүлде және FIFA Fan Award әлемнің үздік жанкүйерлері жүлдесі. Бұдан өзге, ер және әйел футболшылар арасында 11 футболшыдан құралған әлемнің символикалық құрамасы және анықталады.

Ерлер арасындағы әлемнің үздік ойыншысы номинациясына 3 ойыншы 2 қыркүйек күні үміткер атанды. ТОР-3 тізіміне әдеттегідей Криштиану Роналду, Лионель Месси енсе, «Ливерпуль» мен Нидерланд ойыншысы Вирджил ван Дейк алғаш рет кіріп отыр.

 Еске сала кетейік, 2018 жылы Криштиану Роналду мен Лионель Месси арасындағы 10 (әрқайсысы 5  реттен) жылдық гегемония аяқталып, Лука Модрич FIFA нұсқасымен үздік ойыншысы болып танылған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или