PROспорт-блог
Бокс

Головкин — Деревянченко: Жекпе-жек алдында

Головкин — Деревянченко: Жекпе-жек алдында
news-banner7
mobile-news-top

Геннадий Головкин мен Сергей Деревянченко арасындағы жекпе-жек 5 қазан күні Нью-Йорктегі «Мэдисон Сквер Гарден» кешенінде өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Бұл кездесуде боксшылар орта салмақтағы IBF тұжырымының белдігі үшін жұдырықтасады. Сонымен қатар аталмыш бокс кешінде тағы бір титул сарапқа салынады.

Жекпе-жекті DAZN стриминг сервисі тікелей эфирде көрсетеді.

Деревянченко Головкин туралы пікір білдірді

Геннадий Головкин

Сергей Деревянченко

Лақап аты

«GGG»

Техник

Жасы

37

33

Елі

Қазақстан

Украина

Өткізген жекпе-жегі

39 (35 КО)-1-1

13 (10 КО)-1-0

Бойы

179 см

175 см

Қолының ауқымы

178 см

171 см

Салмақ дәрежесі

Орта

Орта

Кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегі

2006 ж., 6 мамыр

2014 ж., 23 шілде

Соңғы жекпе-жегі

2019 ж., 8 маусым

2019 ж., 19 сәуір

Жоғарыда көрсетілген мәліметке сәйкес, Головкиннің Деревянченкодан антропометрикалық көрсеткіштер (бойы, қолының ауқымы) бойынша ірі екенін көруге болады.

Видео. Головкин мен Деревянченко алғаш рет көз арбасты

Деревянченко кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін 2014 жылы 29 жасында өткізген. Ол шаршы алаңға 14 рет шыққан. Сергейдің де Гена сияқты әуесқой бокста тәжіребиесі өте мол, 400-ден аса жекпе-жекке қатысқан.

2016 жылы Сергей кәсіпқой бокстағы 9-шы жекпе-жегін әйгілі аустралиялық боксшы, әлемнің бұрынғы чемпионы Сэм Солиманға қарсы өткізді. Кездесуде үш нокдаун алған Солиман украиналықт қарсыласынан бар-жоғы екі раундта ұтылып қалады.

Головкин: Шынымды айтсам, Деревянченкодан сәл қорқамын

2017 жылдың тамыз айында Сергей Багам аралдарының боксшысы Туреано Джонсонды жеңіп, орта салмақта IBF белбеуінің иегері қазақстандық Геннадий Головкиннің міндетті қарсыласы атанады.

Деревянченко Головкин — «Канело» жекпе-жегінің жеңімпазын атады

Деревянченко мен Головкин 2018 жылы кездесуі керек болған, алайда GGG ресейлік боксшының орнына Сауль Альваресті құп көріп, IBF титулынан айырылып қалды.

2018 жылдың қазан айында Сергейге жұлдызды сәт туды. Ол Дэниел Джейкобспен орта салмақтағы ІВҒ чемпиондық белбеуін сарапқа салып, нәтижесінде төрешілердің шешімімен америкалық боксшы жеңіске жетті. Деревянченко кәсіпқой бокстағы алғашқы жеңілісіне ұшырады.

«GGG-ге жеңілетін уақыт келді, бұл жолы - сөзсіз»

Осы жылдың сәуірінде Сергей неміс боксшысы Джек Кулькайды жеңіп, тағы да орта салмақтағы IBF титулына міндетті үміткер атанды.

Ол кезде Сауль Альварес аталмыш титулдың толыққанды иегері еді. «Канело» Сергей Деревянченконың өкілдерімен келісімге келе алмауына байланысты IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулынан айырылып қалды.

Әйгілі Boxrec порталының мәліметінше, Сергей Деревянченко әлемнің орта салмақтағы ең үздік боксшылары арасында 9-орынға жайғасқан.

Головкиннің Деревянченкодан қорқатын 3 нәрсесі бар. Олар:

  1. Жасы. Сергей Геннадийден 3 жасқа кіші.
  2. Жігер. Деревянченко ешқашан әлем чемпионы атанып көрмеген. Бұл жолы да ол жеңіске жету үшін барын салатыны анық.
  3. Сергейдің бапкері Андре Розьенің екі шәкірті (Кертис Стивенс және Дэниел Джейкобс) Головкинмен жұдырықтасқан . GGG-ді жақсы білетін жаттықтырушы жаңа жоспармен, жаңа тактикамен жұмыс істеуі әбден мүмкін.

Деревянченконың бапкері: Мен өз шәкіртімнің жеңісіне кәміл сенемін

Деревянченко Головкинмен реванш өту-өтпеуін айтты

Головкин-Деревянченко жекпе-жегінің андеркады

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер