Зайнутдиновтің әріптесі қақпаға екі метр қашықтықтан гол соға алмады
Қазақстандық футболшы Бахтиер Зайнутидинов өнер көрсететін ресейлік «Ростов» сырт алаңда «Тамбовтан» ұтылды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ресей Премьер-лигасының 10-шы тур аясындағы ойында 1:2 есебі тіркелді. Өзбекстандық шабуылшы Элдор Шомуродов «Ростовты» есепте алға шығарды. Алаң иелері Георгий Мелкадзе соққан қос доптың арқасында жеңісті жұлып алды.
Осы ойында болгар футболшысы Ивелин Попов екі метр жерден бос қақпаны көздей алмады.
«Ростов» маусымдағы екінші жеңілісіне ұшырады.
Бахитер Зайнутдинов осы маусымда командасы сапында алаңға шыққан жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или