«Тараз» «Атыраумен» болған ойында бір ұпайды жұлып алды

«Тараз» «Атыраумен» болған ойында бір ұпайды жұлып алды
news-banner7
mobile-news-top

Ел чемпионатының 27-ші турында келесі маусымда жоғарғы лигада қалу үшін таласып жүрген «Тараз» бен «Атырау» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Таразда өткен матчтың бірінші таймында көрермендер гол көрмеді. Керісінше, екінші тайм тартысты өтіп, командалар төрт гол соқты. Ресейлік шабуылшы Исламнур Абдулавов «мұнайшыларды» 62-ші минутта есепте алға шығарды. Араға 9 минут салып Әлішер Сүлей маусымдағы алғашқы добын соғып, таразы басын теңестірді.

Негізгі уақыттың аяқталуына 4 минут қалғанда қонақтардың сапындағы украиналық қорғаушы Ризван Аблитаров командасы үшін жеңісті голды соққандай көрінген. Әйткенмен «Тараз» мергендерінің бірі Элгуджа Лобжанидзе 94-ші минутта жамбылдық команда үшін бір ұпайды жұлып алды.

Осы ойыннан кейін командалар кестеде көрші тұр. 20 ұпай жинаған «Тараз» 10-шы орында. «Атырау» 19 ұпайымен бір саты төмен. Алайда батысқазақстандық команда қарсыласқа қарағанда бір матч кем өткізген.

«Тараз»«Атырау» 2:2 (0:0)

Голдар: Сүлей 79, Лобжанидзе 90+4 – Абдулавов 62, Аблитаров 86

21 қыркүйек. Тараз. «Орталық» стадион.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер