Күрес

Дәулет Ниязбеков - әлем чемпионатының күміс жүлдегері

Дәулет Ниязбеков - әлем чемпионатының күміс жүлдегері
news-banner7
mobile-news-top

Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан әлем чемпионатында еркін күрес шебері Дәулет Ниязбеков ел қоржынына күміс медаль салды, деп хабарлайды Prosports.kz.

65 келі салмақта өнер көрсеткен Дәулет Ниязбеков ақтық сында ресейлік балуаннан 11:0 есебімен ұтылды. Осылайша, еркін күрестен әлем чемпионатының алтыны тағы бұйырмады.

Ниязбеков 2011 жылы Стамбулда өткен әлем біріншілігінде қола медаль алған болатын. Өз жерімізде сол нәтижесін бір саты жақсартты.

Айта кетейік, жартылай финалда Дәулет үндістандық Баджранг Пуниямен кездесіп, 3:2 есебімен жеңген болатын.

Екі балуанымыз Олимпиадаға жолдама алды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер