Роналдуды тегін тамақтандырған әйел табылды

Роналдуды тегін тамақтандырған әйел табылды

«Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналду өзінің және достарының кішкентай кездерінде «Макдоналдстан» бургер сұрап жегенін айтқаннан кейін, болашақ жұлдызға мейірімділік танытқан әйелдердің бірі табылды, деп жазады Prosports.kz.

Роналду жақында берген сұқбатында, балалық шағында қарыны ашқанда достарымен бірге бургер сұрап жегенін айтқан еді. Әрі сол кезде өздерін тамақтандырған үш әйелді тауып алғысы келетінін жеткізген.

Футболшының осы сұқбатынан кейін «Макдоналдс» компаниясының бұрынғы қызметкері Паула Лека Роналду айтқан әйелдердің бірі өзі екенін мәлімдеді.

Паула Лека

Паула Лека

Лека португалиялық телеарналардың біріне берген сұқбатында былай деді:

«Балалар мейрамхананың алдына келетін. Егер бізде артық гамбургер бар болса, оны балаларға беруімізге рұқсат берілетін. Балалардың арасында Криштиану да болды. Әрі болардың ішінде ең жасқаншағы да сол болатын. Бұл жағдай әр апта сайын қайталанып тұратын. 

Бұл істі мен ұлыма айтқанмын. Бірақ ол мүлде сенбеді. Өйткені, анасының атақты Роналдуға гамбургер бергенін елестете де алмады. Бұл жайлы менің күйеуім де белетін. Кейде мені кеше жұмыстан алып қайтуға барғанда Криштиануды көретін. 

Паула Леканың отбасы

Паула Леканың отбасы

Дәл қазір баяғыда болған осы оқиғаларды еске алу өте қызықты сезіледі. Бұл жағдай Роналдудың қарапайымдылығын көрсетеді. Әрі менің бұл оқиғаны ойдан шығармағанымды бәрін білді. Егер ол мені кешкі асқа шақырса, мен сөзсіз барамын. Ең алдымен оған ескі күндерді еске түсіргені үшін алғыс айтар едім», - деді Лека.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или