«Астана» жанкүйерлері Еурокубоктағы үздік футболшыны таңдады
<p>
<strong>«Астана» футбол клубының ресми сайтында Еуропа Лигасы матчтарында команданың үздік ойыншысын анықтау бойынша дауыс беру өтті, деп хабарлайды fca.kz сайты.</strong></p>
<p>
Жанкүйерлер осы маусымдағы еурокубок матчтарының жартысынан көбіне қатысқан футболшылардың үздігін таңдады.</p>
<p>
Дауыс беру нәтижесі бойынша Баурыжан Жолшиев үздік ойыншы болып танылды. Бауыржан 7 ойында 3 гол соғып, бір нәтижелі пас берген. «Астананың» капитаны болған Таңат Нөсербаев екінші орын иеленді, ол да Жолшиев секілді 4 нәтижелі ұпай жинады (3+1). Үшінші орынды елордалық жанкүйерлер – Фокси Кетевоамаға берді. Фокси Еуропа Лигасының осы ойындарында қарсыластың қақпасына 2 гол авторы атанып, 2 нәтижелі пас берген.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или