Еркін күрес

Дәулет Ниязбеков әлем чемпионатының финалына шықты

Дәулет Ниязбеков әлем чемпионатының финалына шықты
news-banner7
mobile-news-top

Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатында Дәулет Ниязбеков финалға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

65 келіде сынға түскен еркін күрес шебері жартылай финалда әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері, Азия чемпионы үнді балуаны Баджранг Пунияды жеңді.

Ал оған дейін кілемге шыққан Нұрислам Санаев түркиялық Сулейман Атлыға есе жіберді.

Дегенмен жартылай финалға жеткен екі балуанымыз 2020 жылғы Олимпиада ойындарының жолдамасын жеңіп алды.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер