Ұлықбек Асанбаев: «Ұлттық құрамамыздың ойыны ұнады»

«Шахтер» футбол клубының спорттық директоры Ұлықбек Асанбаев «PROСПОРТ Қазақстан» тілшісіне берген сұхбатында ұлттық құраманың соңғы ойыны мен қарағандылық клубқа қарыз ақшалары төленіп жатқанын айтты.

- Әкіммен кездестік, ақша бар, бәрі жақсы – деп бастады Ұлықбек Пахритдинұлы. Қазіргі таңда бір жалақы төленіп жатыр, жақында екіншісін береді. Осылайша, ақырындап мәселе шешілуде.

- Ойыншылардың көңіл-күйі қандай?

- Көңіл-күй жақсы, ойыншылар дайындалуда. Бәрі түзелетініне сенімдімін.

- Команда алдында шешуші кезеңге қандай мақсат қойылды?

- Үздік үштікке іліну және Қазақстан кубогын ұту.

- Қазақстан-Латвия ойыны жайлы пікіріңіз?

- Ұлттық құрамамыздың ойыны ұнады. Әлі де уақыт керек. Бұған қоса ауыр топқа түстік: Голландия, Чехия, Турция. Дегенмен жанкүйелер үшін жақсы болды, үздік командалардың кездесулерін өз көздерімен көре алады. Меніңше, Астанада ешкімге жеңіл болмайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или