Әлем футболы

«Астананың» қарсыласы Дибаланы сатып алуды қолға алмақ

«Астананың» қарсыласы Дибаланы сатып алуды қолға алмақ
news-banner7
mobile-news-top

Еуропаның қаңтар айындағы кезекті трансферлік кезеңінде «Манчестер Юнайтед» «Ювентус» шабуылшысы Паоло Дибаланы сатып алуды тағы да қолға алмақ, деп жазады Prosports.kz.

«Тағы да» деуіміздің себебі, ағылшын клубы аргентиналықты осы жазда сатып алуды көздеген болатын, алайда келіссөздер сәтсіз өтті.

Туриндік клубта қалып қойған Дибала негізгі құрамдағы орнынан айырылып, А сериясындағы үш матчтың біреуіне ғана қатысты.

Еске сала кетейік, атақты «Манчестер Юнайтед» Еуропа лигасының топтық кезеңінде «Астанаға» қарсылас атанды. Қос команда алғашқы ойындарын қыркүйектің 19-нан 20-на қараған түні Манчестерде өткізеді. Кездесу Нұр-Сұлтан уақытымен 01.00-де басталады.

Сондай-ақ қарсылас команда сапынан Байи, Далот, Марсьяль, Погба, Фосу-Менса мен Люк Шоу ойнамайды.

Букмекерлер қазақстандық клубтың жеңісіне 14 коэффициент беріп, алаң иелерінің сөзсіз жеңісін болжап отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер