Ардагерлер арасындағы ел чемпионаты аяқталды

Қыркүйектің 1-і мен 5-і аралығында Қазақстан футбол федерациясының қолдауымен «БИІК» футбол базасында ардагерлер арасындағы ел чемпмионаты өтті, деп хабарлайды футбол федерациясының ресми сайты.

Біріншілікке Астана, Алматы, Қызылорда, Тараз, Ақтау, Павлодар, Шымкент және Қаратау қалаларының барлығы 11 командасы қатысты. Үш топқа бөлінген командалар алдымен плей-офф кезеңінің жолдамаларын сарапқа салды. Яғни, топ үздіктері және екінші орын алғандардың ішінде көрсеткіші ең жоғарысы жартылай финалға өтті. Сөйтіп, үздік төрттікті «Тұран» (Шымкент), «Намыс-Қазфосфат» (Қаратау), «Ертіс» (Павлодар) және «Қайсар» (Қызылорда) командалары құрап, өзара жүлделі орындарды сарапқа салды.

Жартылай финал

«Тұран» - «Намыс-Қазфосфат» 1:1, пен-4:3

«Ертіс» - «Қайсар» 1:1, пен-3:4

Үшінші орын үшін

«Ертіс» - «Намыс-Қазфосфат» - 7:0

Финал

«Тұран» - «Кайсар» 1:0

Үздік ойыншылар:

1. Үздік қақпашы - Ненашев Андрей («Ертіс»)

2. Үздік қорғаушы - Исахов Нұрғали («Тұран»)

3. Үздік жартылай қорғаушы - Жұрынтиев Нұржан («Намыс Қазфосфат»)

4. Үздік шабуылшы - Сәрсенов Марат («Қайсар»)

Марапаттау рәсімін жүргізгендер:

Байшақов С.И. – Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті, ҚР Ардагерлер футбол одағының президенті

Әбдубаитов Б.Т. – Қазақстан футбол федерациясы Атқару комитетінің мүшесі, «Биік» футбол клубының президенті.

Қорытынды кесте.

1 орын - «Тұран» (Шымкент)

2 орын - «Қайсар» (Қызылорда)

3 орын - «Ертіс» (Павлодар)

4 орын - «Намыс Қазфосфат» (Қаратау)

5 орын - Ақтау қаласы

6 орын - «Динамо» (Алматы)

7 орын - Тараз қаласы

8 орын - Астана қаласы

9 орын - «Оңтүстiк Шекара» (Шымкент)

10 орын - «ЛЛФ» (Шымкент)

11 орын - «Тулкiбас» (ОҚО)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или