Қайраттықтар үздік атанды

Қайраттықтар үздік атанды

Алексей Шпилевский мен Бауыржан Исламхан Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасының арнайы сыйлығына ие болды деп жазады Prosports.kz клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

Клубтың бас бапкері ҚПЛ-дың шілде айындағы үздік бапкері атанса, Исламхан биыл екінші рет қатарынан үздік футболшы атанып отыр.

Еске сала кетелік, дауыс беруге Премьер-лига клубтарының барлық бас бапкерлері қатысады. Алматылық команданың капитаны 17 ұпай жинаса, Алексей Шпилевскиді  төрт жаттықтырушы үздік деп таныған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или