Тараздың балалар командасы «Реал Мадрид» ойыншыларымен кездеседі
13 қыркүйек күні Алматыдағы Орталық стадионда «Арманға қарай» балалар үйінің тәрбиеленушілері арасында футболдан Қазақстан чемпионаты өтті, деп жазады Prosports.kz.
Турнирдің шешуші ойынында Тараздың «Тұлпар» балалар футбол командасы қостанайлық құрдастарын 1:0 есебімен жеңді. Жалғыз голды бірінші таймның аяғында 12 жастағы Толик Длинов соқты.
Турнир жеңімпаздары Мадрид қаласына барып, қала аттас клубтың ойыншыларымен кездеседі. Ойыншылар Испания астанасында үш күн болады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или