ФОТО. Месси - FIFA 20 симуляторының үздігі

ФОТО. Месси - FIFA 20 симуляторының үздігі

Ең әйгілі футбол симуляторы саналатын FIFA 20 нұсқасының үздік ойыншылары белгілі болды, деп жазады Prosports.kz.

EA Sports  FIFA 20 симуляторы ойыншыларының рейтингін жариялады.

Биылғы жылдың ең жоғары балы «Барселона» футболшысы Лионель Мессиге тиесілі. Ол мүмкін болған 100 балдың 94-не ие болды. «Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналду 93 балмен бір саты төмен тұр. Үштікті 92 балл алған Неймар қорытындылайды.

Сондай-ақ «ондықққа» кірген футболшылар мыналар: Эден Азар (91), Кевин де Брюйне (91), Ян Облак (91), Вирджил ван Дейк (90), Мохамед Салах (90), Лука Модрич (90), Марк-Андре тер Штеген (90).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или