Қазақстан ұлттық құрамасын Калининградта 500-ге жуық жанкүйер қолдайды

Қазақстан ұлттық құрамасын Калининградта 500-ге жуық жанкүйер қолдайды

EURO-2020 іріктеу турниріндегі Ресей – Қазақстан матчында 500-ге жуық қазақстандық  ұлттық құрамаға жанкүйер болады, деп хабарлайды Prosports.kz ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «Спорт Экспресс» сайтының ақпаратын негізге алып.

— Біздің құраманы 500-ге жуық жанкүйер қолдайды. Әдетте біз сырт алаңдағы ойындарға 300 билет алатынбыз, алайда Калининград және жалпы Ресейде отандастарымыз көп тұрады, стадионға келетіндердің көбі солар, - дейді баспасөз қызметінің қызметкері.

Айта кетейік, «Калининград», стадионына 35 212 адам сыяды.

Ресей құрамасы І тобында 12 ұпаймен екінші орында тұрса, одан бес ұпай артта қалған Қазақстан ұлттық құрамасы 3-орынға жайғасқан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или