Сейдахмет пен Тұрсынбай Қазақстан жастар құрамасынан шығып қалды
21 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасының сапында бірқатар өзгерістер орын алды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Испаниямен ойынға дейін тамағы ауырған шабуылшы Еркебұлан Сейдахмет команда қатарынан кеткен болатын. Сол ойында дарақат алған қорғаушы Сағадат Тұрсынбай да қатардан шығып қалды.
Испаниямен кездесуде қызыл қағаз алған шабуылшы Владислав Прокопенко де Израиль өтетін ойынға көмектесе алмайды.
Жоғарыда аталған футболшылардың орнына «Қайсардың» шабуылшысы Өркен Махан мен «Астана» қорғаушысы Лев Скворцов шақырылды.
Қазақстан U-21 - Израиль U-21 ойыны 10 қыркүйек күні 19:00-де басталады. «Астана Арена» стадионында өтетін ойынға кіру тегін!
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или