Михал Билек: Негізгі құрамда өзгерістер міндетті түрде болады

Михал Билек: Негізгі құрамда өзгерістер міндетті түрде болады

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Еуропа чемпионатына іріктеу аясында Ресейге қарсы болатын матч жайлы өз ойын білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

 - Кипрдегі ойын біз үшін қиынға соқты. Көп күш жұмсадық. Сондықтан негізгі құрамда міндетті түрде өзгерістер болады. Көктемде футболшыларымызға күш жетіспеді. Әсіресе, Ресеймен болған кездесуде. 

Ресейде мықты футболшылар бар. Бельгиямен бірге топ фавориті. Әрине, деңгей жоғары. 

Шотландияға қарсы Ресейдің ойынын көрдік. Допты тартып алғаннан кейін қандай әрекеттер жасайтынын да байқадық. Қорғаныста қателік жібермеуге тырысамыз. Шабуыл жайлы да ойлаймыз. 

Ертеңгі ауа-райы да футбол үшін қолайлы болады деген ойдамын - деді чехиялық маман.

Ресей - Қазақстан матчы қыркүйектің 9-нан 10-на қараған түні «Калининград» стадионында өтеді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или