Қазақстан ұлттық құрамасы Калининградқа ұшып барды

Қазақстан ұлттық құрамасы Калининградқа ұшып барды

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2020 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирінде Ресеймен ойнау үшін Калининград қаласына ұшып барды, деп хабарлайды Prosports.kz Қазақстан футбол федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап.

Никосиядан Калининградқа дейін құрама жеті сағаттай жол жүрді.

Бүгін жергілікті уақыт бойынша 23:00-де футболшыларымыз жаттығу бастайды. 

Еске сала кетейік, Ресей - Қазақстан кездесуі «Калининград» стадионында, қыркүйектің 9-нан 10-на қараған түні Нұр-Сұлтан қаласының сағаты бойынша 00:45-те басталады. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или