«Стад де Франста» масқара жағдай болды

«Стад де Франста» масқара жағдай болды

2020 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Франция құрамасы Албанияны қабылдады. Ұйымдастырушылардың сауатсыздығынан Франция тарапы масқара болды, деп жазады Prosports.kz.

Матч алдында Албания гимнінің орнына Андорраның гимні ойнап кеткен. Тіпті бұл ұятты жағдай мұнымен біткен жоқ. Стадион дикторы белгісіз себептермен Армениядан кешірім сұраған. Албания жанкүйерлерінің ашуы мен футболшылардың түсінбеушілігін тудырған оқиғаны алдағы уақытта UEFA ұйымы тексеретін болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или