Самюэль Это’О футболшы мансабын аяқтады

Самюэль Это’О футболшы мансабын аяқтады

Тәжірибелі футболшы Самюэль Это’О мансабын 38 жасында аяқтады. Бұл туралы камерундық ойыншы Instagram әлеуметтік желісінде мәлімдеді.

Это’О футболшы ретінде «Реал», «Мальорка» и «Барселона» (бәрі Испания), «Интер», «Сампдория» (бәрі Италия), «Челси», «Эвертон» (бәрі Англия), «Антальяспор», «Коньяспор» (бәрі Түркия), «Анжи» (Ресей) және «Катар» СК секілді командаларда доп тепкен.

Камерун ұлттық құрамасының сапында 2000 жылы Олимпиада ойындарын жеңіп, 2000 және 2002 жылдары Африка Ұлттар Кубогында топ жарды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или