Роналду А сериясының ең жылдам шабуылшысы атанды
Криштиану Роналду Италия А сериясының осы маусымдағы ең жылдам шабуылшысы атанды, деп жазады Prosports.kz.
Португалиялық футболшының максималды жылдамдығы 34,62 км/ч дейін жеткен. Бұл шабуылдаушылар арасындағы ең жақсы көрсеткіш ретінде тіркелді.
Ал барлық позициядағы ойыншылардың арасында Роналду «Наполидің» грециялық қорғаушысы Костас Маноластан (35,41 км/ч) кейін екінші орында тұр.
Бұл екеуінен кейінгі орында Симоне Дзадза(34,56 км/ч) мен Джанлука Манчини (34,46 км/ч) жайғасқан.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или