EURO-2020: І тобының екі матчы өтіп жатыр
2020 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңінің І тобында Шотландия – Ресей құрамалары тең ойнап жатса, Бельгия Сан-Мариноға гол соғып, есепте алға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Глазгода өтіп жатқа матчтың 10-минутында Джо МакГинн, қақпашы Гильерме қайтарған допты қақпаға тоғытып жіберді. Ал ойынның 40-минутында Артем Дзюба жауап қайтарды. Есеп 1:1.
Еске сала кетелік, Ресей 9 ұпаймен топтың екінші орнында тұрса, Шотландия Қазақстанды алға жіберіп 4-сатыға жайғасқан.
Осы топтағы Сан-Марино мен Бельгия құрамалары ойнап жатыр. «Челси» футболшысы Мичи Батшуайи пенальтиден есеп ашып, Бельгия бір гол айырмасымен алға шықты. Бір қызығы, FIFA рейтінгінде бельгиялықтар бірінші орында тұрса, санмаринолықтар көш соңында, яғни 211-орында келеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или