Қазақстан құрамасы түзде Кипрмен тең түсті

Қазақстан құрамасы түзде Кипрмен тең түсті

2020 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан мен Кипр командалары тең түсті, деп жазады Prosports.kz.

Матчқа дейін кипрліктер ойынға тыңғылықты дайындалғандарын мәлімдеген болатын, алайда Қазақстан құрамасы 2-минутта есеп ашып кетті. Алексей Щеткин Сүйімбаевтан пас алып, ұлттық құрама сапындағы алғашқы голын соқты. Ойынның 39-минутында Иоанну екі футболшының арасынан сытылып шығып, Сотириуға дәл пас бере салған. Есеп 1:1.

Матчтың екінші таймы алма-кезек шабуылға ұласты. Қос командада да гол соғатын мүмкіндіктер болды. Қазақстан да, Кипр де жеңіске лайық болғанымен, есеп одан әрі өзгермеді.

Айта кетелік, матчтағы соққылар да, оның ішінде дәл бағытталғаны да тең деуге болады.

Бүгін Шотландия құрамасы өз алаңында Ресейді жеңіп кетпесе, Қазақстан ұлттық құрамасы топтағы үшінші орнын сақтап қалады.  Сондай-ақ I тобындағы Сан-Марино командасы Бельгияны қабылдайды.

Кипр – Қазақстан – 1:1

Голдар: Щеткин, 2, Сотириу, 39

Ескерту алғандар: Минтиккис, 8, Иоанну, 15, Кусулос, 45+2, Малый, 51, Сүйімбаев, 86, Лаифис, 90+4

Соққылар: 11- 13

Тура бағытталғаны: 4 - 5

Допқа иелік ету: 59% - 41%

Кипр құрамасы: Панайи, Лаифис, Меркис (капитан), Янну, Мидикис, Кириаку, Кусулос, Папулис (Питтас, 90), Кастанос (Георгиу, 58), Эфрем (Кости, 73),  Сотириу. 

Қазақстан құрамасы: Непогодов (қ),  Малый, Марочкин, Ерланов, Вороговский, Сүйімбаев, Қуат, Тағыберген (Жуков, 82), Исламхан (капитан) (Федин, 65), Перцух, Щеткин (Айымбетов,87). 

6 қыркүйек. Никосия. GSP стадионы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или