Кипр - Қазақстан матчы: Командалар тең ойнап жатыр

Кипр - Қазақстан матчы: Командалар тең ойнап жатыр

2020 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясындағы Қазақстан мен Кипр матчының бірінші таймында тең есеп тіркелді, деп жазады Prosports.kz.

Матч бастала сала, алаң иелерінің қақпасына лап қойған қазақ құрамасы 2-минутта-ақ есепте алға шықты. Айып алаңыдағы қарбаласты пайдалаған Алексей Щеткин гол соқты. Нәтижелі пас берген Ғафуржан Сүйімбаев екенін айта кету ләзім. Бұдан соң кипрліктер үсті-үстіне шабуылды үдете берді, алайда жерлестеріміз қарсыластың шабуылдарын абыроймен тойтарып отырды.

Ал ойынның 39-минутында Иоанну екі футболшының арасынан сытылып шығып, Сотириуға дәл пас бере салған. Пьерос есепті теңестірді 

Қос команда мынадай құраммен алаңға шықты.

Кипр құрамасы: Панайи (қ), Лаифис, Меркис (капитан), Янну, Мидикис, Кириаку, Кусулос, Папулис, Кастанос, Эфрем и Сотириу. 

Қазақстан құрамасы: Непогодов (қ),  Малый, Марочкин, Ерланов, Вороговский, Сүйімбаев, Қуат, Тағыберген, Исламхан (капитан), Перцух, Щеткин. 

Еске сала кетелік, Кипр - Қазақстан матчының екінші таймын Qazsport арнасынан көре аласыздар. 

<br /><br />

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или