Қазақстан жастар құрамасы Испаниядан жеңіліп қалды
2021 жылы жастар арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі матчта Қазақстан құрамасы Испаниядан жеңілді, деп жазады Prosports.kz.
Ойын алма-кезек шабуылдармен басталған. Қазақстан жастары қарсыластарынан қаймықпай қақпа кілтін іздестіріп көрді. Мықтының аты –мықты, 28-минутта құрама қорғаушысы тәртіп бұзып, Қазақстан қақпасына пенальти белгіленді. 11 метрлік айып добын загребтік «Динамоның» жартылай қорғаушысы Дани Ольмо қақпаға дәл бағыттай салды. Есеп 1:0.
Екінші таймда да қос құрама жылдам шабуылдарға иек артып көрді. 57-минутта ойын төрешісі Қазақстан ойыншысы тәртіп бұзды деген желеумен қақпаға тағы бір пенальти белгілеген. Атақты «Барселонаның» жартылай қорғаушысы Алена орындап көрген. Сейсенов допты атылып барып, қақшып алды. Одан кейін испаниялықтар көп шабуылдады. Алаң иелерінің қарсы шабуылдары сәтсіз шығып жатты.
Ойын соңында Прокопенко алаңнан қуылған. Ал есеп Испанияның пайдасына шешілді
Қазақстан (U-21) – Испания (U-21) – 0:1
Голдар: Дани Ольмо, 28 – пенальти
Соғылмаған пенальти: Алена (И), 57
Ескертулер: Хосе Амо, 42, Куэнка, 51, Сағынаев, 57, Әліп, 60, Пайруз, 74, Наджарян, 90+1, Каримов, 90+3
Алаңнан қуылғандар: Прокопенко, 90+2
Допқа иелік ету: 35% - 65%
Соққылар: 8 - 27
Тура соққылар: 2 - 8
Қазақстан: Сейсен, Әліп, Орынбасар, Адахаджиев (Прокопенко, 79), Наджарян, Бахтияров (Бачек, 74), Пайруз, Сағынаев, Өміртаев (Кәрімов, 63), Тұрсынбай, Швырев (Оразов, 79).
Испания: Мартин, Педро Порро, Кук, Амо, Куэнка Х, Алена (Мартин, 63), Бускетс О., Оскар (Бельтран, 71), Карлес Перес (Торрес, 46), Дани Ольмо, Пуадо (Посо, 46).
6 қыркүйек. Нұр-Сұлтан. «Астана-Арена».