Билек: Бізде жарақат алған футболшылар өте көп

Билек: Бізде жарақат алған футболшылар өте көп

2020 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу аясында өтетін Кипр - Қазақстан ойыны алдында ұлттық құраманың бас бапкері Михал Билек алдағы кездесу жайлы өз ойын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz кипрлік Kerkida порталына сілтеме жасап. 

 - Бізде жарақат алған футболшылар өте көп. Ол жігіттер негізгі құрамға лайықты еді. Жақсы ойын өрнегін көрсетуге тырысамыз. Кипрдің барлық матчтарын көрдік. Ұйымшыл, жақсы жасақталған команда - деді чехиялық бапкер. 

Қазақстан құрамасы 4 турдан кейін I тобында үшінші орында тұр. Командамыздың еншісінде 6 ұпай. Алғашқы турда Шотландияны(3:0), өткен турда Сан-Мариноны(4:0) ұтты.

Кипрде 3 ұпай. Аралдықтар Сан-Маринодан ғана 5:0 есебімен басым түсті. Бельгия(0:2), Шотландия(1:2) және Ресей(0:1) құрамаларына есе жіберді.  

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или