Қазақстан - Испания матчына шотландиялық төрешілер қазылық етеді

Қазақстан - Испания матчына шотландиялық төрешілер қазылық етеді

Жастар арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан жастар құрамасы испаниялық құрдастарымен кездеседі, деп жазады Prosports.kz.

Матч 6 қыркүйек күні жергілікті уақыт 19:00-де Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. Бұл кездесуге <span>шотландиялық төрешілер қазылық етеді. Бас төреші - Николас Уолш. Оған қос қапталдан отандастары Грэм Стюарт пен Алан Малвэнни көмектеседі. Ал төртінші төреші</span><span> қызметін Дэвид Мунро атқарады.</span>

Айта кетейік, жас футболшыларымыз іріктеу кезеңіндегі алғашқы екі ойында Фарер аралдары мен Черногорияны сырт алаңда жеңген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или