Жағажай футболынан Қазақстан құрамасы Еуролига промофиналына қатысады
Бүгін Португалияның Фигейра-да-Фош қаласында жағажай футболынан Еуропа лигасы «В» дивизионының промофиналы ойындары өтеді, деп жазады Prosports.kz Қазақстан футбол федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап.
Турнир жеңімпазы «А» дивизионына берілетін жалғыз жолдамаға ие болады.
Қатысушылар екі топқа бөлінген:
1-топ: Чехия, Болгария, Әзірбайжан, Румыния.
2-топ: Қазақстан, Грузия, Венгрия, Грекия.
Қазақстан құрамасының ойын кестесі:
05.09.2019. Қазақстан – Грекия. 16:30
06.09.2019. Венгрия – Қазақстан. 14:00
07.09.2019. Грузия – Қазақстан. 14:00
Қазақстан құрамасы ойыншылары:
Қақпашылар: Виктор Чорный, Всеволод Гаврилов (екеуі де - «Арман», Павлодар);
Қорғаушылар: Нұрлан Жүнісов, Игорь Демешко, Роман Богданов, Виталий Тюльпа (барлығы - «Арман», Павлодар), Абылай Ералы («Ұшкын-Искра», Астана);
Шабуылшылар: Баянбек Муралинов, Дмитрий Перевёртов, Асқар Әжікенов (барлығы - «Арман», Павлодар).