Қазақстан ұлттық құрамасы Кипрге ұшып барды

Қазақстан ұлттық құрамасы Кипрге ұшып барды
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2020 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирінде Кипрмен ойнау үшін Никосияға ұшып барды, деп хабарлайды Prosports.kz Қазақстан футбол федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап.

Футболшыларымыз Талғарда үш күн оқу-жаттығу жиынын өткізді. Алматы - Ларнака - Никосия бағытымен жеті сағаттай жол жүрді.

Қазақстан құрамасының қатарынан тыс қалған ойыншы жоқ.

Бүгін матч алдындағы жаттығу жоспарланған. Қазақстан құрамасының жаттығуы елорда уақытымен 22:00-де басталады.

Ал, Кипр - Қазақстан ойыны 6 қыркүйек күні «GSP» стадионында өтеді. Басталуы - 22:00.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или