Марко Станоевич: Маңызды үш ұпайға қол жеткіздік
«Ертістің» сербиялық жартылай қорғаушысы Марко Станоевич «Атырауға» қарсы өткен матч жайлы ойын бөлісті.
<span>«Біздің командамыздың ойыншылар саны басым болғанымен, қарсылас соңына дейін қарсыласты. Қортынды есепке қараса, оңай жеңіс болған сияқты, бірақ олай емес. Ең бастысы біз бас бапкердің тапсырмасын орындап, маңызды 3 ұпайға қол жеткіздік. Қатарынан екінші матчта гол соқанныма қуаныштымын, бірақ командалық нәтиже басым. Бұл матчта барлық жігіттер жақсы еңбектеніп, мақтауға лайықты жұмыс жасады. Ұзақ уақыт бойы гол соға алмай, осы жолы ірі есеппен жеңіске жеттік. Бізге сенім артып, қолдау көрсеткен жандарға алғыс айтамыз», - деді ол клубтың баспасөз қызметіне.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или